2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету азаматтық әуе кемесі тіркелген мемлекет бекітетін техникалық қызмет көрсету бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, бұлар, егер кемені тіркеген мемлекет болып табылмаса, пайдаланушының мемлекетімен келісіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекітеді.
Коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісу бойынша әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым әзірлейді және бекітеді.
3. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу кезінде оларды шығарушы немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым берген сәйкестендіру құжаттары (формулярлары, паспорттары, этикеткалары, пайдалануға рұқсат берілгені туралы құжаттары, теңтүпнұсқалы телнұсқалары) жоқ агрегаттарды, жиынтықтаушы бұйымдарды және олардың қосалқы бөлшектерін пайдалануға тыйым салынады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттауды авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау тәртібі Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және сертификат беру қағидаларында белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Шет мемлекеттердің авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жұмыстарына олардың сертификаттарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым толық немесе ішінара танығаннан кейін жіберіледі. Шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын танудың тәртібі азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қызметтер көрсететін, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес, орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.
49-бап. Әуе кемелерiне салынатын белгiлемелер
1. Тiркеу кезiнде әуе кемелерiне мемлекеттік және тiркелетін танылым белгiлерi берiледi, олар осы кемелерге салынады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Пилотсыз авиациялық жүйелерді тіркеу кезінде оларға мемлекеттік белгілер және тіркелетін танылым белгілері беріледі, олар пилотсыз әуе кемелеріне азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік белгілер, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді салу тәртібіне сәйкес салынады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркелетін айырып-тану белгiлерiнен басқа қосымша белгілер (рәміздер, жазбалар, эмблемалар) салынуы мүмкін.
Қосымша белгiлер әуе кемелеріне мемлекеттік және тiркелетін танылым белгiлерiнiң көзбен көргенде танылуын қиындатпайтындай етiп салынады.
3. Мемлекеттік, тiркелетін танылым белгілері мен қосымша белгiлердi әуе кемелерiне салу тәртібін және көрсетілген белгілердің сипаттамасын азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне қатысты - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, ал мемлекеттік авиацияның әуе кемелерiне қатысты мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
50-бап. Әуе кемесін ұшуға дайындау
1. Әуе кемесiнiң ұшуы алдында әуе кемесiн, авиация персоналын, әуеайлақтарды, тікұшақ айлақтарын дайындау жүргізілуге тиіс.
2. Ұшуға дайындау қағидаларын азаматтық және эксперименттік авиация үшiн - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік авиация үшiн мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 51-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Әуе кемесiн жалдау
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесiнiң меншiк иесi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары кемені экипажымен қоса немесе экипажсыз Қазақстан Республикасының пайдаланушысына немесе шетелдiк пайдаланушыға жалға беруге құқылы.
Қазақстан Республикасының пайдаланушысы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса немесе экипажсыз жалға алуға құқылы.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Шет мемлекетте тіркелген әуе кемесін Қазақстан Республикасы пайдаланушысының экипажсыз немесе Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мен осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Қазақстан Республикасы пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы шарттың қолданылу мерзіміне жалға алушы пайдаланушысының сертификатына (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке) енгізбей жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы пайдаланушысының шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның рұқсаты бойынша мынадай (шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі, тек қана жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуды қоспағанда): саны бес әуе кемесінен аспайтын паркі бар жалға алушы үшін - бір әуе кемесінен аспайтын және саны бес әуе кемесінен асатын паркі бар жалға алушы үшін - тұрақты және тұрақты емес ұшуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жалпы әуе кемелері паркінің жиырма пайызынан аспайтын пропорцияда және жалға алушы пайдаланушысының сертификатына енгізбей, бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Жалға алынатын әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтерімділігі жалға алушының әуе кемелерінің жолаушылар сыйымдылығымен және жүк көтерімділігімен салыстырмалы түрде бірдей болуға тиіс.
Бұл ретте жалға алушы рейсті іс жүзінде қай тасымалдаушының орындайтыны жөнінде жолаушыларды хабардар етуге тиіс.
Шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі, тек қана жүктерді тасымалдауға пайдаланылатын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға Қазақстан Республикасы пайдаланушысына мынадай:
1) көрсетілген жалға алу мерзімі басталған кезге Қазақстан Республикасының пайдаланушысы әуе тасымалдаушысы қызметін кемінде он жыл жүзеге асырған;
2) жүк таситын әуе кемесін пайдаланушыны артықшылықпен иелену және нақты бақылау Қазақстан Республикасына немесе оның азаматтарына тиесілі болған;
3) Қазақстан Республикасының пайдаланушысы шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі, тек қана жүктерді тасымалдауға пайдаланылатын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуды бұрын жүзеге асырмаған;
4) жалға алынатын әуе кемесін жалпы пайдалану мерзімі отыз жылдан аспаған шарттар сақталған жағдайда, әуе кемесін экипажымен қоса жалға алу туралы шарт жасасқан кезден бастап үш жыл бойына рұқсат етіледі.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік анықталған, жалға алушының немесе жалға берушінің тарапынан тиімді пайдаланушылық бақылау не пайдаланушының сертификатын және жалға алынатын әуе кемесіне арналған ұшуға жарамдылық сертификатын берген мемлекеттің тарапынан қадағалау болмаған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының пайдаланушысына әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға бұрын берілген рұқсатты кері қайтарып алады.
2. Шетелдік жалға алушының Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не оның пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымы болып табылатын жалға алынған әуе кемесінде ұрыс қимылдары, қарулы қақтығыстар аймағында ұшуды орындауына және қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, әскери құралымдарды тасымалдауға байланысты ұшуды орындауына тыйым салынады.
3. 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1. Жалдау (чартер) шартына сәйкес әуе кемесін жалдау жүзеге асырылады.
Жалдау (чартер) шартында тараптардың атауы, әуе кемесiнiң үлгiсi, жалға берiлу мақсаты, тасымалданатын жолаушылардың ең көп саны, багаждың, жүктің және почта жөнелтілімдерінің салмағы, жалдау ақысының мөлшерi, жөнелту пунктi, тасымалдың уақыты және межелі пункті көрсетiледі.
Жалдау шартына басқа да талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
2. Әуе кемесімен жалданушының әуе кемесін жалдаушыдан қосымша төлем талап етпей-ақ, тасымалдың басталу уақытын және әуе кемесiнiң ұшу жоспары бойынша көзделген қонатын жеріндегі ұшып шығу уақытын ауыстыруға, егер ол әуе кемесiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажет болса, қосымша қону немесе ұшу маршрутын өзгертуге құқылы.
3. Әуе кемесімен жалданушы әуе кемесiнiң бүкіл сыйымдылығын уақтылы беруге және шарт күшiнде болған уақытта әуе кемесiн шартта көзделген мақсаттарда пайдалануға болатындай күйде күтiп ұстауға мiндеттi.
4. Әуе кемесін жалдаушы әуе кемесімен жалданушының келісімiмен жалданған әуе кемесiн субчартерге беруге құқылы.
53-бап. Авиация персоналының сыныптамасы
1. Авиация персоналы авиация түрлерiне тиесілігіне қарай азаматтық, мемлекеттік және эксперименттік авиация персоналы болып бөлiнедi.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тiзбелерi мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен белгіленеді.
3. Азаматтық авиацияның авиация персоналы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру қағидаларын сақтауға міндетті.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді
54-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау және қызмет түрлеріне жіберу
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау бастапқы даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейде ұстауды қамтиды.
Авиация персоналын бастапқы даярлау және қайта даярлау авиациялық оқу орталықтарында жүзеге асырылады.
Кәсіптік деңгейін ұстау авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) азаматтық авиация ұйымдарында жүзеге асырылады.
Авиация персоналының біліктілік деңгейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайтын жеке тұлғалар авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды. Мұндай адамдар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналының біліктілік деңгейін әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін біліктілік комиссиялары авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындайды.
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналын авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру инспекторларын даярлауды және қайта даярлауды тәуелсіз оқу орталығы авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.
Әуежайдың кіру шектелген күзетілетін аймағына кіру кезінде ілесіп жүрмеуге болатын рұқсаты бар персоналды авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлауды және қайта даярлауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымнан жұмысқа рұқсат алған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүргізеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы көрсететін қызметтердің сертификаттау талаптарына сәйкестігін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру арқылы растайды.
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізу тәртібі Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында белгіленеді.
Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтарына олардың сертификаттарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауға және кәсіптік деңгейін ұстап тұруға рұқсат етіледі.
Қызметі әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның сертификатталған авиациялық оқу орталығы өз қызметтерін көрсету барысында ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ендіруге міндетті.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Авиация персоналы теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес орындайтын функцияларына сай келетін деңгейде тілдерді білетінін авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар тағайындалған жеке тұлғалар жүргізетін тестілеудің немесе кезеңдік тексерулердің көмегімен көрсетуге тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипаждарының мүшелерін даярлау, олардың практикалық дағдыларын ұстау және тексеру мақсатында қолданылатын ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларға сәйкес қолдануға жол беріледі.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналы азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында айқындалатын тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісіледі. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналына қойылатын біліктілік талаптары авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарында белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Авиация персоналына жататын адамдар кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықтан өтуге міндетті.
Әуе кемелерінің ұшуын орындаумен және қамтамасыз етумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен, әуе қозғалысына қызмет көрсетумен тікелей байланысты адамдар кәсіптік қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына арналған қолданыстағы куәлігі, қолданыстағы біліктілік белгілері және (немесе) тиісті сыныптағы медициналық сертификаты болған кезде жіберіледі.
Авиация персоналы куәлігін беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ біліктілік белгілері мен арнайы белгілер енгізу және олардың қолданылу мерзімін ұзарту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналы куәлігіне біліктілік белгілері мен арнайы белгілер енгізуді әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Авиация персоналына жататын адам тағылымдамадан өткеннен кейін және тағылымдаманы өткізген лауазымды адамның дербес кәсіптік қызметке жіберу мүмкіндігі туралы шешімінен кейін дербес кәсіптік қызметке жіберіледі. Авиация персоналының дербес кәсіптік қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі туралы негізделген шешім үшін тағылымдаманы өткізген адамдар жауаптылықта болады.
Авиация персоналының дербес кәсіптік қызметке жіберілуіне авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар, кәсіптік білімдері мен дағдыларына тексеру жүргізген жеке тұлға жауапты болады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде адамға кәсіптік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлігін беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым осы бапқа сәйкес берілген авиация персоналы куәліктерінің және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған авиация персоналы куәліктерінің тізілімін жүргізеді.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиация персоналы куәліктерін шет мемлекеттердің авиациялық билігі куәліктерде берілетін құқықтарды және біліктілік белгілері мен арнайы белгілердің қолданылу мерзімдерін қиындықсыз айқындай алатындай етіп ресімдеуді қамтамасыз етеді.
6. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай:
1) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін жұмыстарды орындаудың технологиясы сақталмаған;
2) тексерулер кезінде кәсіптік даярлығы жеткіліксіз деп анықталған;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ұшуды қамтамасыз ету және орындау, әуе қозғалысына қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету кезінде белгіленген талаптарды бір рет өрескел бұзған;
4) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық (оларға ұқсас заттармен) масаң күйде әуе кемесін басқаруға, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге байланысты қызметті орындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген не танылған авиация персоналы куәлігінің иесі болып табылатын адамның авиация персоналы куәлігінің (тану туралы шешімнің) қолданылуын тоқтата тұрады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай:
1) өздеріне ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы куәлік (тану туралы шешім) алған;
2) қызметтік міндеттерді орындауға жататын жазбалар мен оларға байланысты деректер бұрмаланған;
3) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және танылған авиация персоналы куәлігінің иесі болып табылатын адамның авиация персоналы куәлігін (тану туралы шешімді) қайтарып алады.
6-3. Авиация персоналы куәлігін тоқтата тұру, сондай-ақ авиация персоналына жататын жеке тұлға болып табылатын өтініш берушіден (иесінен) оны қайтарып алу тәртібі мен мерзімдері Авиация персоналы куәлігін беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларымен айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-4-тармақпен толықтырылды
6-4. Авиация персоналы куәлігінің иесі болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген не танылған авиация персоналы куәлігінің (оны тану туралы шешімнің) қолданылуы мынадай:
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) авиация персоналының куәлігі жоғалған, ұрланған, бүлінген немесе оның иесі тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауыстырған;
2) еңбекке қабілеттілігінен айырылған (жұмыс орнынан деректер ұсыну бойынша);
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қайтыс болған жағдайларда, тоқтатылады.
4) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары ескеріліп әзірленеді және оларды Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының барлық пайдаланушылары мен ұйымдары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.